УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

Наурыз мерекесіне орай қазақтың ұлттық ойындары тоғызқұмалақ және арқан тартыс ойындары ұйымдастырылды!

Ұйымдастырушы: Дене шынықтыру пәні оқытушысы Нургазин Бауыржан Ерсаинович.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі-тоғызқұмалақ.

  Тоғыз құмалақ қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойыны болғанымен, оны қырғыздар да, қарақалпақтар да, алтайлықтар да ойнайды. Алайда қазақтың тоғыз құмалақ ойыны тіпті кемелденген және дамыған. Тоғызқұмалақ ойыны қазақ таласында кең таралған. Өйткені Қазақстанның бірнеше облыстарынан табылған археологиялық қазбалар осы ойға жетелейді. Тым әріге бармай, ХІХ ғасырдан бері қарай айтар болсақ, бұл ойынды қазақтың кемеңгері, ұлы ақыны Абай Құнанбаев сүйіп ойнаған. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы ақынның мұражайында Абай ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы сақтаулы тұр. Кезінде бұл ойынға Ш.Уәлиханов, Қ.Қуанышбаев, С.Аманжолов, М.Әуезов және Б.Момышұлы сынды Алаштың ардақты азаматтары қызығушылық танытып, қолдау білдірген. Қазақ спорт журналистикасының атасы әрі ұстазы Сейдахмет Бердіқұлов та кезінде ұлттық өнерді насихаттап, мақтан тұтқан.

 

 

 25 март 2021